USD
USD
USD

Израиль мен ХАМАС Газадағы соғысты тоқтату туралы мәмілеге келді

Бұл туралы Катар премьер-министрі Мұхаммед бен Абдулрахман әл-Тани баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

израиль мен хамас
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл келісімді Израиль билігі мен Хамас өкілдері де растады. Ол келесі жексенбіде, 19 қаңтарда күшіне енеді.

Израильдік БАҚ келісімнің шарттарын хабарлады. Олардың айтуынша, ХАМАС Израильдің кепілге алынған 33 азаматын босатады. Өз кезегінде Израиль ХАМАС-пен жұмыс істегені және израильдіктерге шабуыл жасағаны үшін кінәлі деп танылған тұтқындарды түрмеден босатуға уәде берді.

Бірінші кезең жексенбі, 19 қаңтарда басталып, алты аптаға созылмақ. Бұл кезеңде атысты тоқтату жұмыстары жүргізіледі, Израиль әскерлері шығарылады, кепілге алынғандар мен тұтқындармен алмасады, Газаға гуманитарлық көмек келеді. Екінші және үшінші кезеңнің егжей-тегжейі бірінші кезеңде анықталады, деді Катар премьер-министрі Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани брифингтегі мәлімдемесінде. 

«Бұл мәміленің орындалуын қамтамасыз ету үшін біз әріптестерімізбен бірге қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деген Катар премьер-министрі медиаторлардың келісім талаптары бойынша 411 күн жұмыс істегенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті