USD
USD
USD

Израиль мен ХАМАС бітімге келді

Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жоспарының бірінші кезеңі аясында келісімге қол қойды, деп хабарлады АҚШ президенті Дональд Трамп.

Израиль мен ХАМАС
Фото: AP

Алматы, NEGE. «Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жоспарының бірінші кезеңіне қол қойғанын мақтанышпен айтқым келеді. Бұл дегеніңіз барлық тұтқынға алынғандар жақын арада босатылады, ал Израиль тұрақты бейбітшіліктің алғашқы қадамы ретінде келісілген сызыққа қарай әскерін алып кетеді дегенді білдіреді», - деп жазды Трамп.

Бұл келісім Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға және тұтқынға алынған адамдарды босатуға бағытталған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер барысында қол жеткізілген Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайтынын мәлімдеген болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты