USD
USD
USD

Израиль Иранға зымыранмен соққы жасады

Израиль Қорғаныс Армиясы ресми хабарлама жасап, бірнеше айға созылған Иранның шабуылдарына жауап ретінде әскери нысандарға дәл соққылар жасағанын мәлімдеді. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрінің шабуыл кезінде Тель-Авивтегі штабта түскен суреті жарияланды. Ресми ақпаратты Израильдің мемлекеттік Kan телерадиокомпаниясы да растады, деп жазды Stan.kz.

Израиль
Фото: GPO

Алматы, NEGE. ЦАХАЛ баспасөз хатшысы Даниэль Хагари арнайы бейнежазбада Израиль авиациясының Ирандағы әскери нысандарға соққы жасағанын және оқиғалар туралы қоғамды үнемі хабардар етіп отыратынын айтты. Sky News Arabia арнасы шабуыл нысандарының бірі баллистикалық зымырандарды ұшыру базасы болғанын хабарлады. Шабуыл тек әскери нысандарға жасалғаны, ядролық және мұнай инфрақұрылымдарына тиіспегені айтылды.

Jerusalem Post дерегінше, шабуылға 100-ден астам ұшақ, соның ішінде заманауи F-35 ұшағы да қатысқан.

Иран ақпарат агенттіктері Тегеранда бірнеше жарылыстың болғанын хабарлады. Израильдің 12-ші телеарнасы шабуылдың екінші толқыны Шираз қаласына және оның маңайына бағытталғанын айтты. Иран армиясының басшылығы көптеген шабуылға қарсы тұрып, әуе соққыларын сәтті тойтарғандарын, барлық жау ұшақтары атып түсірілгенін жария етті.

 "Иран бүгін түнде үлкен қате жасады және оның орнын толтырады. Иран режимі біздің мықтылығымызды түсінбеген. Біз белгілеген ережені ұстанамыз: кім бізге шабуыл жасаса, біз оған шабуыл жасаймыз”, – деді Нетаньяху.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский