Референдум Референдум
28 Ақпан 14:51
...

Израиль Иранға соққы жасады

Жарылыс
Фото: Nour news

28 ақпанда Тегеранда және Оңтүстік Ливанның бірнеше ауданында жарылыс болды.

Референдум

Астана, NEGE. Израиль қорғаныс армиясы Оңтүстік Ливандағы бірнеше ауданда «Хезболла» ұйымының инфрақұрылымдық нысандарына соққы жасағанын хабарлады.

«Шабуыл барысында ұйым пайдаланған зымыран ұшыру нүктелері мен жер асты туннельдері жойылды.

Соңғы уақытта "Хезболла" осы инфрақұрылымды қайта қалпына келтіруге әрекет етіп жатыр. Бұл әрекеттер Израиль мен Ливан арасындағы келісімдерді бұзу болып саналады және Израильге қауіп төндіреді», – делінген Израиль тарабы таратқан хабарламада.

Израиль қорғаныс министрі бүкіл елде төтенше жағдай жариялады. Маңызды инфрақұрылымды қоспағанда, білім беру іс-шараларына, жиналыстарға және мекемелердің жұмысына тыйым салынды.

Шабуылдар АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен елдің ядролық бағдарламасына қатысты соңғы келіссөздерге «көңілі толмайтынын» мәлімдеген соң бірнеше сағаттан кейін жасалды.

БАҚ дерегінше, Иран бойынша 30-ға жуық нысан шабуылға ұшыраған.

Қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, соққылар америкалық тараппен бірлесіп жасалған.

Иранның Nour News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, зымыранмен жасалған шабуылдан кейін Тегеранның орталығында бірнеше адам жараланған. Иран билігі елдің жаңа шабуылдар толқынына ұшырағанын растады.

Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігі Иран төңірегіндегі шиеленіске байланысты Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынып, үндеу жасады.

Референдум