USD
USD
USD

Израиль Иранға әуеден шабуыл жасады

Израиль Иран астанасына шабуыл жасады.

Иран-Израиль
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац бүкіл ел аумағында дереу ерекше жағдай енгізілгенін хабарлады.

Израиль әскерилері Ирандағы ондаған ядролық және әскери нысандарға соққы беріп жатқанын мәлімдеген. Парсы еліндегі әуе шабуылынан қорғаныс жүйесі толық іске қосылған. Әзірге құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, израильдік әскерилер Тегерандағы Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) жоғары шенді командирлері тұратын пәтерлерге де шабуыл жасаған.

Израиль өздеріне Иранның зымыран және дронмен шабуылдауы мүмкін екенін ескеріп, төтенше жағдай жариялады.

Бұған дейін Тегеран егер Тель-Авив тарапынан шабуыл жасалса, олардың әскері өңірдегі АҚШ базаларына шабуылдайтынын мәлімдеген болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты