USD
USD
USD

Израиль Газа секторына гуманитарлық көмекті жеткізуді жеделдетуге уәде берді

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторында БҰҰ колонналарының азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуі үшін гуманитарлық дәліздер ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BBC дерегіне сүйенген Reuters.

секторы
Фото: Mohammed Fayq Abu Mostafa / Reuters

АЛМАТЫ, NEGE. Агенттіктің ақпаратына сәйкес, парашют арқылы көмек жеткізу қайта басталған. ЦАХАЛ алдағы уақытта халықаралық ұйымдар берген ұн, қант және консервілер тиелген жеті контейнерді әуе арқылы түсіретінін хабарлады. Палестиналық дереккөздер де Газа секторының солтүстігінде парашютпен түсіп жатқан жүк контейнерлерін көргенін растады.

Гуманитарлық ұйымдар парашют арқылы көмек жеткізудің тиімсіз екенін айтып отыр. Осы аптада 100-ден астам ұйым Газада ашаршылық қаупі барын жариялаған. Алайда ЦАХАЛ бұл мәлімдемелерді «ХАМАС таратқан жалған ақпараттық науқан» деп атады.

— Газа тұрғындарына көмек үлестіру үшін жауапкершілік БҰҰ мен халықаралық гуманитарлық ұйымдардың мойнында. Сондықтан көмектің ХАМАС қолына түспеуін қамтамасыз ету және оны тиімді бөлу – олардың міндеті, — делінген израильдік армия мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, электр энергиясының қайта қосылып, 900 мың тұрғынға қызмет көрсететін тұщыландыру зауытының жұмыс істей бастағаны хабарланды.

Еске сала кетейік, Израиль наурыз айында Газаға гуманитарлық көмектің келуін толық тоқтатып, мамырда оны жаңа шектеулермен қайта жалғастырған еді. Израиль бейбіт халықтың қиналысы үшін ХАМАС-ты айыптайды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс