Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Измирдегі зілзала құрбандары артты

Түркияның Измир қаласында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты. 

Измирдегі зілзала құрбандары артты
Фото: NEGE.kz

​Алматы, NEGE. Измирдегі зілзала құрбандарының саны 98 адамға жетті. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.  Жарақат алған 994 адамның 847-сі ауруханадан жазылып шықты, 147 адам ем қабылдауда. Измирде қираған бес ғимаратта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске сала кетсек, 30 қазанда Түркиядағы Измир жағалауында 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы сондағы қазақстандықтар көмек қажет болса тікелей елшілікке хабарласуы керектігін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Назарбаев туралы мардымды монография жоқ – тарихшы

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова