USD
USD
USD

Түркияда шенеунік Сауат Мыңбаевтың қызы танымал үнді кәсіпкерінің ұлына тұрмысқа шыққан

Мамыр айының басында Түркияның Измир қаласында Сауат Мыңбаевтың қызы мен танымал үнді кәсіпкерінің ұлының тойы өткен, деп хабарлады Basekz телеграм каналы. 

Түркияда шенеунік Сауат Мыңбаевтың қызы танымал үнді кәсіпкерінің ұлына тұрмысқа шыққан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қонақтардың бірінің айтуынша, тойда Қазақстанның беделді адамдары төбе көрсеткен. Олар: Тимур Құлыбаев, Болат Өтемұратов, Владимир Ким, Александр Машкевич, Бауыржан Байбек, Бақытжан Сағынтаев, Ахметжан Есімов, Патох Шодиев, Тимур Турлов.

Той үнді стилінде өткен. Жастардан Субханбердин, Смағұлов, Рахымбаев, Баталов, Құлыбаев және тағы басқа да бай-бағландардың балалары қатысқан, деп жазады телеграм канал. 

Жақында Түркияда 27 сәнді вилласы бар қазақстандық жастар туралы видео тараған еді. Әңгіме жоғарыда аталған олигархтардың балалары туралы болды.

Сауат Мыңбаев ұзақ жыл «Қазақстан Темір жол» компаниясын басқарып, Мұнай және газ министрі қызметін атқарған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Үндістанда қамауға алынған танкерде қазақстандық теңізші де бар болып шықты

Танкер

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы атыс: полиция мән-жайды түсіндірді

Полиция көлігі

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты