USD
USD
USD

«Ізгілік мекені» атты телебағдарлама көрерменге жол тартты

Шымкент қаласының көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында «ІЗГІЛІК МЕКЕНІ» атты телебағдарлама жарық көрді. 

«Ізгілік мекені» атты телебағдарлама көрерменге жол тартты
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Бағдарламаның басты мақсаты – оқырмандарды кітапханаға тарту, елге елеулі қоғам қайраткерлері, дара тұлғалармен қатар өмірге құштар өнерлі, дарынды мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу кештерін ұйымдастыру, сұхбаттар өткізу және кітапхана имиджін көтеру.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында еліміздің рухани дамуына елеулі үлес қосып, еңбегі сіңірген мәдениет, әдебиет, өнер саласының өзіндік орны бар тұлғалармен кездесу арқылы зағип жандар өмірге құштарлығы артып, алға ұмтылары сөзсіз. Бағдарламаны тізгіндеп, ұйымдастыруға жауапты – «Ерекше жандар», «Шалқар шабыт» айдарларының жүргізушісі, арнайы кітапхана қызметкері Ербек Бакиев.

«Ізгілік мекені» телевизиялық жобасы кітапхана ғимаратында екі аптада бір рет жарыққа шығып отырады. Бағдарлама еркін форматта сұхбат ретінде өткізіледі. Бағдарлама уақыты – 20 минут.

Бүгін кешкі сағат 20.30-да «ОҢТҮСТІК» телеарнасының «ІЗГІЛІК МЕКЕНІ» телебағдарламасында кезекті шығарылым көрермен назарына ұсынылмақ. Кеш қонағы – белгілі жазушы, шежіреші Момбек Әбдіәкімұлы. Әдемі кешті назардан тыс қалдырмай тамашалауға шақырамыз.

Қазір оқып жатыр

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.