USD
USD
USD

Іздеудегі екі қазақстандық Қырғызстанмен шекарада қолға түсті

Қылмыстық әрекеті үшін іздеуде жүрген екі қазақстандық елдің Қырғызстанмен шекарасында ұсталды. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің ресми сайты хабарлайды.

Іздеудегі екі қазақстандық Қырғызстанмен шекарада қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомствоның хабарлауынша, сәрсенбі, 1 наурыз күні ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл бойынша департаментінің әскери қызметшілері "Айша бибі" өткізу бекетінде Қазақстанда қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматын ұстаған. Ал бұдан бір күн бұрын "Сортөбе" шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері Қырғыз Республикасынан Қазақстанға өту мақсатымен мемлекеттік шекараны заңсыз кеспек болған халықаралық іздеудегі тағы бір Қазақстан азаматын ұстаған. Ұсталғандар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылған.

"Шекара қызметінің басшылығы заң бұзушыны ұстау кезінде көрсеткен өжеттілігі мен шеберлігі үшін ерекшеленген шекарашыларды марапаттау сұрағын қарастыруда", – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті