USD
USD
USD

Іздеуде жүрген ұры блок-бекетте қолға түсті

Алматы облысында ұрлығы үшін іздеуде жүрген адам блок-бекетте ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іздеуде жүрген ұры блок-бекетте қолға түсті
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Оқиға Алматы облысының Іле ауданындағы Покровка ауылында орналасқан бекетте болды. Күдікті ол кезде төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ұсталған. Өзі Ұзынағаш ауылының 36 жастағы тұрғыны болып шықты.

“Ұсталған жігітті деректер қоры бойынша тексергенімізде Ұзынағаш ауылында жасаған ұрлығы үшін Жамбыл аудандық полиция бөлімімен іздестіріліп жатқанын және полициядан жасырып жүргенін білдік. Г. есімді азамат дереу полиция бөліміне жеткізілді. Оның мал ұрлығына қандай қатысы бар екені де тексеріледі”, – деп хабарлайды Іле аудандық Полиция басқармасының басшысы Марат Күштібаев.

Өткен кезеңде Іле ауданы бойынша орналасқан тосқауыл бекеттерде барлығы жиырма мыңға жуық көлік құралдары тексерілді және Алматы қаласының аумағына бес мыңнан астам азаматқа кіруге рұқсат берілмеді. Сонымен қатар, 26 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 18-і Қарасай аудандық сотының қаулысымен 5-тен 10 тәулікке дейінгі әкімшілік қамаққа алынды, екі адамға 5 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

“Сондай-ақ, жеке дүкендердің үш иесі сағат 20:00-ден кейін сауда-саттықтарын жалғастырғаны үшін, әрқайсысы 10 АЕК мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тыйым салынған учаскелерде жеке тасымалмен айналысқан 31 жастағы азаматқа да дәл осындай айып тағылды”, – деп толықтырды полковник Күштібаев.

Қазір оқып жатыр

Каспийде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Құрылтай сайлауы

Маңғыстау облысында 9 әскери қызметші суға кетіп қаза болды, тағы бірнеше адам іздестірілуде

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Астанадағы фельдшер қазасы: прокурор МИБ басшысының бас бостандығын 2 жылға шектеуді сұрады

прокурор Саяжан Серікова

Мәслихат депутаттары қайта сайланады: Тоқаев Жарлыққа қол қоятынын айтты

Қазақстан Халық Кеңесі