USD
USD
USD

Іздеуде жүрген 33 адам ұсталды

Қазақстан полицейлері ТМД елдеріндегі әріптестерімен бірге «Іздеу» жедел алдын алу шарасын өткізді. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтып берді.

Іздеуде жүрген 33 адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында ҚР Ішкі істер министрлігі ТМД елдерімен бірлеіп, «Іздеу» операциясын өткізді және іздеуде жүрген 343 қылмыскер ұсталды. Оның ішінде кісі өлтіргені үшін – 3, денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін – 7, қарақшылық үшін – 2 және тонау үшін – 3 қылмыс жасағандар бар», - деді Нұрділдә Ораз министрлікте өткен брифингте.

Республикадан тыс жерлерде, соның ішінде ТМД елдерінде Қазақстан іздеу жариялаған 33 адам ұсталды.

«Атап айтқанда, Алматы полиция департаментінің іздеу тапсырмасы бойынша Мәскеуде қаржы пирамидасын құрып-басқарғаны үшін іздестірілгендер, сондай-ақ аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздестірілгендер ұсталған. Ресейдің Челябинск қаласында қылмыстық қауымдастық құрғаны үшін және оны басқарғаны үшін Қостанай облысының полиция департаменті 2013 жылдан бері іздеп жатқан күдікті ұстады. Ал Челябі облысында трансұлттық ұйымдасқан топ құрып, оны басқарғаны үшін Шығыс Қазақстан полициясы іздестірген адам ұсталды», - деді Н. Ораз.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон