Іздеуде болған Болат Алтынбеков Мәскеуде ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық Департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбековты халықаралық іздеуге берді.
Алматы, NEGE. Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбековті ұстады.
Тергеу органдарынан жасырыну үшін ол өзінің тегін «Алтынбековтан» «Алшерге» өзгерткен.
Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі басталды.