USD
USD
USD

Агенттіктің іздеу жарияланған бұрынғы қызметкері ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің мемлекетаралық іздеу жарияланған бұрынғы қызметкері ұсталды.

Агенттіктің іздеу жарияланған бұрынғы қызметкері ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қаржы мониторингі агенттігінің елордалық департаменті іздестіріп жүрген аумақтық департаменттің тергеу басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Д.Қайырбеков ұсталды», - делінген Қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.

Күдіктіге қатысты лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Қазіргі уақытта ер адам елордада уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Ақмола облысының тумасы 1984 жылғы Дастанбек Қайырбековке мемлекетаралық іздеу жарияланған еді.   Ведомство тіпті оның мекенжайы туралы ақпаратқа ақшалай сыйақы беруге уәде еткен болатын.

Агенттік мәліметінше, Қайырбековтің үстінен Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-тармағы 3-тармақшасы (билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану) бойынша іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе