Иван Дычко шаршы алаңға оралады
Осы аптада аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы кезекті жекпе-жегін өткізеді.
Алматы, NEGE. Бокс кеші Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласында болады. Ал оның қарсыласы жергілікті Кевин Николас Эспиндола. Ол бүгінге дейін 10 кездесу өткізіп, оның жетеуінде жеңіске жеткен. Ал Дычконың көрсеткіші 11 жекпе-жек, 11 жеңіс және барлығы да нокаутпен аяқталды. Алдағы жекпе-жек 10 раундқа есепттелген және жерлесіміз үшін жаңа промоутерлік компания қанатының астындағы алғашқы кездесу болмақ.
Айта кетейік, Дычко ең соңғы рет өткен жылдың желтоқсанында жұдырықтасты. Елордада тәуелсіздік күні қарсаңында ресейлік Александр Устиновты нокаутпен жеңген болатын.
Қазір оқып жатыр
Әр облыс жастар ипотекасы үшін бюджетінен 1 млрд теңге бөлу керек – «Әділет» кандидаты нақты ұсыныс айтты
Тоқаев: «Болашақ ойындары» елдер арасындағы алтын көпірге айналады
Қостанайдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 жастағы мүгедек бала көз жұмды
Сауда министрлігі: Wildberries-тен Қазақстанда қойма салуға ресми өтініш түскен жоқ