USD
USD
USD

Итті қыдыртатын арнайы жерлер белгілі болды

Алматылықтар саябаққа ит ертіп кіруге тыйым салынған белгілерге шағымдана бастады. Әкімдік қоғамдық орында үй жануарларымен қайда және қалай жүру керектігін түсіндірді.

Итті қыдыртатын арнайы жерлер белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мәлім еткендей, бүгінде қалада «Ит пен мысықты ұстау және серуендеу ережелері» бар.

Аталған ереже 2018 жылдың 17 сәуірде Алматы қаласы мәслихатының XXVII сессиясында қабылданған. Ережеге сәйкес қала аумағында мыналарға жол берілмейді:

1) иттермен қоғамдық орындарға баруға болмайды;

2) ойын және спорт алаңдарында, балабақша, мектеп аумағында, емдеу мекемелерінде, тыйым салу белгілері орнатылған жерлерде иттермен серуендеуге тыйым салынған;

3) иттерді жағажайларға апаруға, қоғамдық шомылу орындарында жануарларды шомылдыруға болмайды;

4) жануарды терезелері тығыз жабылған көлік ішінде қараусыз қалдыруға рұқсат жоқ;

Алматыда ит қыдыртатын 8 орын белгіленген:

Әуезов ауданында: №8,10 шағын ауданы, Райымбек 481Б

Бостандық ауданында: «Южный» саябағы

Алмалы ауданында: М. Ганди атындағы саябақ

Жетісу ауданында: «Айнабұлақ-1» ықшамауданы

Түрксіб ауданында: Бауман тоғайы.

Сонымен қатар, тұрғындар қаланың орталық саябағында тыйым салу белгілері бар тақтаға шағымдануда. Өз кезегінде әкімдік бұны саябақтағы көптеген ойын алаңдарына байланысты екенін түсіндірді.

Айта кетейік, кез келген жерде үй жануарларын еркін алып жүруге болмайды. Ережеге бағынбағандар жазаға тартылып, айыппұл төлейді.

Қазір оқып жатыр

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева