USD
USD
USD

Иттердің көрмесіне қатыспақ болған Теміртау тұрғыны алданып қалды

Теміртау тұрғыны иттердің көрмесіне қатысам деп алданып қалды. Ол 2,5 млн теңгесін алаяққа беріп қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Иттердің көрмесіне қатыспақ болған Теміртау тұрғыны алданып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 36 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны арызданды. Белгілі болғандай, жәбірленуші азаматша өзінің үй жануарын беделді иттер көрмесіне қатыстыруды армандаған.

Бұл арманын жүзеге асыруға Қарағанды қаласының белгісіз бір тұрғыны көмектесемін деп уәде берген. Жаңадан танысқан адам жәбірленушінің сеніміне кірген. Бұл арманды орындаудың құны 2,5 млн теңге екенін айтқан. Жануарларды жақсы көретін жәбірленуші ақшасын аударған. Ақша аударғанымен арман орындалмаған.

Алаяқтың алдауына түскенін сезген азаматша бірден полицияға хабарласқан. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы азаматша ұсталды. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Шығыста мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келтірген компания басшысы іздестірілуде

Восток инженеринг

Чайлдфри шариғатта құптала ма: ҚМДБ үкімі жарияланды

ҚМБД

Қазақстанда төрт фармацевтикалық компания қолдан жасалған, қауіпті дәрілер сатып келген

Контрабанда

Алматы облысында полиция қызметкерінің жанып жатқан мәйіті табылды

Алматы қалалық полиция департаменті