USD
USD
USD

Итін терезесінен лақтырып жіберген

Петропавлда итін төртінші қабаттан лақтырған әйел айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Итін терезесінен лақтырып жіберген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 сәуір күні Петропавлдың 45 жастағы тұрғыны итін төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Әйелдің сорақы қылығын көрген көршілері бірден полицейлерге хабарлаған. Тәртіп сақшылары Хименко көшесіндегі көпқабатты үйдің жанында жатқан итті ветеринарларға жеткізгенімен, спаниельдің өміріне араша түсу мүмкін болмады. «Жануарларға қиянат жасау» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Иттің иесі – әйел сол күні мас болған. 1 маусым күні Петропавл қалалық соты оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Бұл - шамамен 27 мың теңге. Айыппұлды бір айдың ішінде төлемеген жағдайда әйел қоғамдық жұмыстарға жегіледі немесе қамауға алынады», - деді СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Еңбек Сембин.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.