USD
USD
USD

Италияда жеткіншектерге Moderna екпесін салынады

Италияда енді жасы 12-ден асқан балаларға америкалық Moderna компаниясының коронавирусқа қарсы екпесін салуға болады.

Италияда жеткіншектерге Moderna екпесін салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еуропаның дәрілік заттар жөніндегі агенттігі препаратты қолдануға рұқсат берді. Зерттеулерге сәйкес вакциналау нәтижесінде жеткіншектерде ересектермен бірдей антидене қалыптасады екен. Негізі Аппенин түбегінде 12-15 жас аралығындағы балаларға Pfizer және BioNTech компанияларының екпесін қабылдауға рұқсат етілген. Бүгінде Италиядан бөлек Франция, АҚШ, Израиль, Канада мен Сингапурде жеткіншектер вакцина салдыра алады. Ал Қытайда коронавирусқа қарсы вакцинаны жасы 3-тен асқан бүлдіршіндерге де шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат етілген.

Қазір оқып жатыр

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді: Қазақстанға өтемақы төленеді

Доңға кен орны

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус