USD
USD
USD

Италияда ТЖ режимі 31 қазанға дейін ұзартылуы мүмкін

Коронавирус инфекциясына байланысты Италияда енгізілген төтенше жағдай режимі биылғы 31 қазанға дейін ұзартылуы мүмкін, деп хабарлайды ANSA агенттігі.

Италияда ТЖ режимі 31 қазанға дейін ұзартылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Індетке қатысты ахуалға орай Италия Үкіметі төтенше жағдайды созу мәселесін қарастыруда. Үкіметтегі дереккөздердің мәліметінше, бұл ұсыныс осы аптада өтетін министрлер кабинетінің отырысында енгізіледі. Италияда өткен жексенбі күні коронавирусты жұқтыру бойынша жаңадан 234 жағдай тіркелді. Дүйсенбі күні көрсеткіш сәл төмендеді – 169 жағдай. Бүгінге дейін елде вирустан 34 967 адам қайтыс болды. Жалпы COVID-19 диагнозы 243 230 адамға қойылды. Бұл санға жазылып шыққандар, қайтыс болғандар және ем-домын жалғастырып жатқандар енгізілген. 

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға