USD
USD
USD

Италияда бір тәулікте КВИ жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Италияда бір тәулікте бір мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Италияда бір тәулікте КВИ жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Рейтерс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл – мамыр айынан бергі уақыттағы ең үлкен көрсеткіш. Науқастардың дені Венето ауданында тіркелген. Еуроодақтың өзге де елдерінен келгендерден де ауру анықталып жатыр. Сарапшылардың пікірінше, бұған демалыс маусымы себеп. Өйткені сахатшылардың барлығы бірдей санитария талаптарын орындай бермейді. Бұған қоса аймақта халық қазір жағажайға көп барады. Олардың арасында бетперде киіп, арақашықтықты сақтап жүргендері некен-саяқ. Қазір Италияда коронавирус жұқтырғандар саны 258 мыңнан асты. Статистика бойынша әр жетінші науқас жан тапсырған.

Шет елден келген италиялықтарды карантинге жапқандары дұрыс деп ойлаймын. Тіпті, әзірге сырқа шықпағандары да абзал еді. Егер карантинді қатаңдатып, барлығы қайта жабылатын болса, аймақта жұмыссыздық белең алып, ел экономикасы зардап шегуі мүмкін, – дейді Рим қаласының тұрғыны Мариса Манчини.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Семей

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Өрт сөндіру

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Депутат

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Ай