USD
USD
USD

Италияда ArcelorMittal кәсіподақтары ереуілге шықпақ

ArcelorMittal Ilva металлургия зауытының кәсіподақтары Миттал отбасының мыңдаған жұмыс орнын қысқарту жоспарына қарсы ереуіл жариялады, деп хабарлады Reuters.

Италияда ArcelorMittal кәсіподақтары ереуілге шықпақ
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Италияның оңүстігіндегі Ilva металлургиялық зауытының кәсіподақтары сейсенбі 9 маусымда ArcelorMittal-дың онсыз да жағдайы күрделі кәсіпорынның мыңдаған жұмыс орнын қысқарту жоспарына қарсылық белгісі ретінде ереуіл өткізетіндері туралы жария етті», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, өнеркәсіп министрі Стефано Патуанелли ArcelorMittal-ды наурызда үкімет қол қойған кәсіпорынды құтқару туралы келісім шартын сақтамады деп айыптағаннан кейін алдағы ереуіл туралы мәлімдемені бірден үш кәсіподақ жасаған – FIM, FIOM және UILM.
«Сол келісімге сәйкес ArcelorMittal тобы айтарлықтай мемлекеттік қаржыға айырбас ретінде 2018 жылы Таранто қаласында сатып алған зауыттан бас тарту жоспарын тоқтата тұруға келіскен екен», - делінген хабарда.
Италияндық БАҚ хабарлағандай, жұма күні кешкісін Италия үкіметіне ArcelorMittal тобы ұсынған жаңа өнеркәсіптік жоспарға сәйкес 5 мың жұмыс орны қысқартылатын болады. ArcelorMittal баспасөз хатшысы ArcelorMittal тобының өнеркәсіптік жоспарды ұсынғанын растады, бірақ ол туралы егжей-тегжейлі айтудан бас тартты.
Басылым ақпарынша, 8 мыңнан астам адам жұмыс жасайтын және тағы да мыңдаған жеткізушілер мен мердігерлерді жұмыспен қамтып отырған зауыт Италияның экономикалық тұрғыдан проблемалы оңтүстігіндегі аздаған ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады.
«ArcelorMittal тобы ұсынған өнеркәсіптік жоспар наурыздағы келісімге сәйкес келмейді және ArcelorMittal келісімді бұзу үшін COVID-19 дертіне байланысты төтенше жағдайды сылтау ретінде пайдаланғысы келетін сияқты», - деді Патуанелли.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Пәтер

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Жер сілкінісі

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады

жол апаты

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

.