Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Италияда 116 дәрігер қайтыс болды

Сейсенбі күні Италияда коронавирустан тағы төрт дәрігер көз жұмды. Осылайша, елде індеттен қайтыс болған дәрігерлер саны 116-ға жеткен.

Италияда 116 дәрігер қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ANSA-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Нұр-Сұлтандағы жаңа госпитальдің құрылысы аяқталуға жақын Қарасайда «Асыл арман» тұрғын үй кешеніндегі карантин алынды Коронавирус жұқтырған ақтөбелікке қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1275 науқас тіркелді FNOMCEO дәрігерлер гильдиясы федерациясының мәлімдеуінше, вирустан Луиджи Чириотти (зейнет жасындағы отбасылық дәрігер), Себастьяно Карбе (зейнет жасындағы дәрігер), Маурицио Бертаччини (отбасылық дәрігер) және Доменико Фатика (стоматолог) қайтыс болды.

Көз жұмғандар арасында коронавирус жұқтырған пациенттер санының көбеюіне, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің жетіспеуіне байланысты жұмысқа оралуға тура келген зейнеткер дәрігерлер бар. Assofarm президенті Венанцио Джиззи коронавирустан қайтыс болған италиялық фармацевтер санының 8 адамға жеткенін қосып айтты. Соңғы көз жұмған фармацевт - Антонио Тилли Флоренция маңындағы Понтассьеведе муниципалдық дәріхана директоры болған. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА