USD
USD
USD

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады.

Қазақстандық студент қазасы
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Қазақстандық жігіттің қазасы туралы бұған дейін Threads желісінде жазылды. Оның денесі Бриатико қаласындағы жағалаудағы жартастардың арасынан табылған. 

Мәліметтерге сәйкес, марқұм Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі болған және Кассино қаласындағы Unicas университетінің үшінші курсында оқып жүрген.

Италиялық БАҚ деректеріне қарағанда, жігіттің денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Сарапшылар оның жағалаудағы жартастарға соғылу салдарынан алынған жарақаттарын тіркеген. Алдын ала болжам бойынша, жігіт суға батып, қаза болған. Қайғылы жағдай студенттің денесі табылғанға дейін шамамен 15 сағат бұрын болған деп болжанып отыр.

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Біздің елшілік пен Италияның құзыретті органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», – делінген СІМ хабарламасында.

Бұған қоса қазақстандық дипломаттар марқұмның отбасына қажетті консулдық және құқықтық көмек көрсетіп жатқаны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

15 жастағы Кәрім Меңдіқанов ресми түрде «Барселонаның» ойыншысы атанды

Кәрім Меңдіқанов

Тоқаев Серік Шәпкеновті Атырау облысы әкімі лауазымынан босатты

Серік Шәпкенов

Air Astana-ның Дубайға ұшатын рейстері қайта тоқтайды

Air Astana

Қазақстандық мамандар қазақша дубляж жасайтын ЖИ ұсынды

ISSAI