USD
USD
USD

Италияда 500 мың адам көшеге шықты

Италия үкіметінің жұмысшылары мүддесі ескерілмейтін бюджет жобасының бекітілуіне наразылық танытып, 

Наразылық шеру
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Италия үкіметінің жұмысшылардың мүддесі ескерілмейтін бюджет жобасының бекітілуіне наразылық танытып, 500 мыңға жуық жұмысшы Италия қалаларының алаңдарында шеруге шықты. 

8 сағаттық ереуіл барлық негізгі мемлекеттік секторларды қамтыды, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен компаниялар бар. Көлік, әуе және теңіз қатынасы құзырлы органдардың бұйрығына сәйкес төрт сағатқа үзілген.

ANSA агенттігінің хабарлауынша, ең ірі демонстрация Болоньяда Жалпы Италия еңбек конфедерациясының (Cgil) басшысы Маурицио Ландинидің қатысуымен өтті.

Кәсіподақтардың мәліметінше, наразылық акциясын әртүрлі саладағы жұмысшылардың 70 пайыздан астамы қолдаған. Кейбір компаниялар күні бойы жұмыс істемеді. Ел бойынша мыңдаған адам қатысқан 43 бейбіт шеру өтіп, тек Туринде ғана полициямен қақтығыстар болған.

Бүкілхалықтық ереуіл, кәсіподақтардың пікірінше, жұмысшылардың мүддесі ескерілмейтін бюджет жобасының бекітілуіне наразылық ретінде жарияланды. Атап айтқанда, денсаулық сақтау мен білім беру, сондай-ақ әлеуметтік салаға жұмсалатын қаржының қысқартылып жатқаны шерудің ұйымдастырылуына түрткі болған.

Италияда сағатына 9 еуро болатын ең төменгі жалақы шегін орнату үшін ұзақ уақыт бойы күрес жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев

Шымкентте 39 жастағы ер адам көршісін балалардың көзінше өлімші етіп сабап, оқиға орнынан кетіп қалған

ұрлық