USD
USD
USD

IT мамандықтарға қосымша 3 мың адам тегін оқытылады

Қазақстанда IT мектептерде қосымша 3 мың адам оқытылады, деп хабарлады үкіметтің ресми сайты.

білім
Фото: Unsplash

Алматы, NEGE. Бүгінде Astana Hub базасында 2021 жылдан бері IT саласында адами капиталды дамытуға бағытталған "Tech Orda" бағдарламасы іске асырылып келеді.

"Tech Orda" бағдарламасы бойынша ІТ мектептер үшін 6 мыңнан астам білім беру гранты бөлінген. 2024 жылы Қазақстан азаматтарын IT мамандықтарға оқыту үшін тағы 3 мың ваучер бөлу жоспарланған. Аталған шаралар ірі корпорацияларда да, шағын және орта бизнес секторында да сұранысқа ие жоғары білікті мамандар даярлауға ықпал етеді, - делінген ресми хабарламада.

Ал президент Тоқаев 2026 жылға қарай ІТ қызметтер экспортын $1 млрд-қа дейін жеткізуді тапсырған болатын. Қазірдің өзінде Қазақстан GovTech саласындағы шешімдерін Тәжікстанға, Того мен Сьерра-Леонеге экспорттап, жаһандық ІТ нарығында өз орнын алуға мүдделі.

Былтыр еліміздің ақпараттық технологиялар экспорты іс жүзінде екі есеге артып, 2023 жылы $529,1 млн-ға жеткен.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран