USD
USD
USD

Ыстық ас, тегін такси: Елордалық мешіттер қайырымдылық науқанын ұйымдастырды

Елорда мешіттерінің меценаттары астаналықтарға тегін такси және коммуналдық қызметкерлер үшін ыстық асты ұйымдастырды. Науқанға «Көктал» мешітінің бастауымен қаланың барлық мешіті ат салысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

Ыстық ас, тегін такси: Елордалық мешіттер қайырымдылық науқанын ұйымдастырды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Науқан аязды күндері тұрғындарды қала бойынша тегін тасымалдайтын 20 жүргізушінің жұмысынан басталды. Жүргізуші ретінде мешіттердің имамдары мен шәкірттері қатысты.  

«Мұндай акцияларды бірнеше жылдан бері өткізіп келеміз. Астананың аязды күндерінде азаматтарымызға қол ұшын созғымыз келеді. Басқа жүргізушілерді де акцияға қосылуға және тұрғындарға көмектесуге шақырамыз», - дейді Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов.  

Еріктілер жол жұмысшыларына ыстық шай мен палау таратты. Коммуналдық ұйымдардың 200-ге жуық қызметкері қамтылды. Жұмысшылардың барлығы – қала бойыша қар күреп жүрген адамдар.  

Сонымен қатар жылыту маусымының соңына дейін демеушілік көмек арқылы мешіт бірқатар отбасыға көмір сатып алуға және азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етуге көмектеседі. Тұрғындарды тегін тасымалдау науқаны аязды күндердің соңына дейін жалғасады. Тегін таксилерді автомобиль корпусындағы жапсырма арқылы ажыратуға болады.  

Естеріңізге сала кетейік, бұл күндері Астанада саршұнақ аяз орнап тұр, термометр бағаны -30 градустан төмен көрсетіп тұр. Қаланың коммуналды қызметтері күндіз-түні тоқтаусыз жұмыс жүргізуде. Елорда тұрғындары мен қонақтары мұндай жағдайда абай болуы, көктайғақ кезінде қозғалыс ережелерін қатаң сақтауы және жарақат пен үсіктің алдын алу үшін көшеде ұзақ уақыт болмауы қажет.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия