USD
USD
USD

Істі болғандар электронды білезік арқылы бақыланады

Елімізде істі болған және үй қамауына алынған айыпты жандар арнайы электронды білезік арқылы бақылауда болады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов мәлім етті.

Істі болғандар электронды білезік арқылы бақыланады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұл білезік сотталып шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және үй қамауындағы айыпты азаматтарға тағылады. Бұған дейін жоғарыда аталған айыптыларды жеке-жеке мамандар қадағалады, оларға арнайы көлік бөлінді. Ендігі уақытта 300-400 сотталушы немесе үй қамауындағы айыптыны 1 ғана тәртіп сақшысы бақылай алады. Білезік қолдан шешілмейді, шешкен жағдайда бірден дабыл соғылады», – деді С.Сәрсенов аталған электронды білезікті таныстыру барысында.

Оның айтуынша, электронды білезік арқылы кез келген адамның қайда не істеп жүргенін бақылауға болады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Электромобильді қуаттағанда артық ақша төлемеу үшін желтоқсаннан бастап жаңа талап енгізілмек

Электромобиль

Астанада тәркіленген зәулім коттедж бос тұр: оны кімге береді?

sauda.e-qazyna.kz

Шетелдік әйел Қонаевта өзіне топтық зорлық жасалғанын мәлімдеді: күдіктілер ұсталды

әйел