USD
USD
USD

Ыстанбұлда болған атыстан Қазақстан азаматы жарақат алды

Қазақстан азаматына Ыстанбұлда болған қақтығыс кезінде оқ тиді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Ыстанбұлда болған атыстан Қазақстан азаматы жарақат алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «18 сәуірде Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулдығына біздің азаматтан қоңырау келіп түсті, ол өзіне оқ тигенін хабарлады. Консул дереу зардап шеккен азаматқа барып, оны жергілікті ауруханаға жеткізді. Медициналық тексеруден өтті, ота жасалады деп күтілуде. Қазір жерлесіміздің жағдайы тұрақты.

Ақпаратта айтылғандай, жерлесіміз жарақат алған кезде қасында әйелі болған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, отандасымыз жергілікті азаматтар арасындағы атысқа кездейсоқ тап болған. Ол өздігінен кетіп бара жатқанда оқ тиген. Бүгінде полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр», - дейді ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе