USD
USD
USD

Ыстамбұлда көшесіне Абай есімі берілді

Ыстамбұлда көшесіне Абай есімі берілді Ыстамбұл даңғылдарының біріне қазақтың ұлы ағартушысы Абайдың есімі берілді, - деп хабарлайды КТК.

Ыстамбұлда көшесіне Абай есімі берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Түркияда тұратын қазақ диаспорасының кездесуі кезінде белгілі болды. Ыстамбұл дағы қазақтардың көпбі Зейтинбурну аймағында тұрады. Диаспора өкілдері үнемі кездесіп, қаланың әлеуметтік өміріне белсенді қатысады. Ыстамбұл дағы Қазақстан консулдығы ұйымдастырған соңғы кездесу аясында өткен ғасырдың 50-ші жылдары Түркияға қоныс аударған қазақтардың ұрпақтары жиналды. "Бүгінгі кездесуде көптеген маңызды мәселелер талқыланды. Ыстамбұл да тұратын жергілікті қазақ жастары консулға өз сұрақтарын қойды. Ал біздің ай сайынғы "Қазақ елі" журналымыздың кезекті нөмірін Абайға арнады. Мұндай кездесулер жалғасады деп үміттенеміз", - деді түрік қазақтары бірлестігінің басшысы Ертолқын Ғайретуллах. Телеарна атап өткендей, Түркия тұрғындары Абаймен жақсы таныс. Әр түрлі қалаларда ақынның құрметіне көшелер мен саябақтар аталған. Классиктің есімі Ыстамбұл дағы мектептердің біріне берілген. Ал жақын арада Ыстамбұл дағы үлкен даңғылға Абай есіме беріледі. Сонымен қатар, диаспора өкілдері үшін қазақ тілінен қосымша курстар енгізілуде. "Мен Ыстамбұл да туып-өскен қазақпын. Сондықтан мен үшін қазақ тілін үйрену өте маңызды. Біз осындай кездесулерді жиі өткізуге келістік. Егер біз үнемі кездесіп отырсақ, ана тілімізді үйреніп, бірлігімізді нығайта аламыз", - деді Ыстамбұл тұрғыны Гаппар Орхун Ақдаг. Ыстамбұл сияқты үлкен қалада Абай құрметіне көше атау оңай шаруа емес. Анкарадағы Қазақстан елшілігі мен Ыстамбұл дағы консулдықтың күш-жігерінің арқасында бұл мәселе тез шешілді.

Қазір оқып жатыр

Қашағанның активтеріне салынған шектеудің бір бөлігі алынды

Қашаған

Қазақстандықтардың ағылшын тілін білу деңгейі «өте төмен» деп бағаланды

Студент қыз

Павлодарда Аграрлық несие корпорациясы филиалының басшысы 25 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Пара алу

Шахмұрат Мүтәліп «Алтыналмастың» ірі акционерлерінің қатарына қосылды

Шахмұрат Мүтәліпов