USD
USD
USD

Испаниядағы су тасқынынан 205 адам қаза болды (видео)

Су тасқынынан көз жұмғандардың көбі Валенсия тұрғындары. 

Испания
Фото: rua.gr/news

Алматы, NEGE. Валенсия қаласы табиғи апаттан зардап шеккен негізгі аумақ. Мұнда әлі де құтқарушылар жете алмаған аймақтар жетерлік. 

BBC NEWS мәліметіне қарасақ, бұл Испаниядағы соңғы 50 жылдағы ең жойқын табиғи апат болып отыр. Сегіз сағат ішінде Испанияда жылдық жауын-шашын мөлшері жауды. Судың және лайдың ағыны жолдарды қиратты, ал көшелер ғимараттар мен көліктердің сынықтарына толы үйінділерге айналды. Елдің инфрақұрылымына жүздеген миллион еуро шығын келтірілді.

Испанияда жоғалғандарды іздеу үшін шамамен 500 әскери қызметкер жұмылдырылған. 75 мыңнан астам үй әлі де жарықсыз отыр. The Guardian тілшісіне зардап шеккендердің бірі жағдай жайлы қысқаша жауап қайтарады.

«Біздің қанша көмек алғанымыз маңызды емес. Қанша көмек болса да, біз үшін аз. Бізге өте көп көмек қажет», – деді Эмбэр Гонсалес.

Қайтыс болған 205 адамның ішінде Валенсияның 202 тұрғыны бар. Еске сала кетсек, бұған дейін су апатынан зардап шеккендер үшін Испания қара жамылып, байрағын төмен түсірген болатын.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net