USD
USD
USD

Испанияда велосипед сатып алған адамға 50 еуро береді

Испаниядағы Валенсия қаласының кеңесі велосипед және самокат сатып алатын тұрғындарды «VLC Bike Bonus» бастамасы бойынша ынталандыруға дайын.

Испанияда велосипед сатып алған адамға 50 еуро береді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Ереже бойынша тұтынушы арнайы абонементке 50 еуро салады, ал мемлекет осы ақшаға үстемелетіп тағы 50 еуро қосады. Мұндай жолмен тек қарапайым велосипед пен самокатты ғана емес, бұл көліктердің электрлі түрлерін алуға болады. Жалпы бұл идея қала тұрғындарын экологиялық таза көлікті пайдалануға бет бұрғызуға арналған. Бұл экологиялық көлікпен байланысты жобаларға да септігін тигізеді.

50 еуро үстемені алу үшін тұтынушы арнайы сайтқа тіркеліп, жеке бас куәлігінің деректерін жазуы тиіс болады.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян