USD
USD
USD

Испанияда мыңдаған адам шеруге шықты

Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Испанияда мыңдаған адам шеруге шықты
Фото: NEGE.kz

Мадрид көшелеріне жиналған жұрт зейнетақы мен жалақыны өсіруді талап еткен.

Алматы, NEGE. Елдегі инфляцияның шарықтауы жұртты әбден титықтатып жіберді. Қыркүйек айында тұтынушылық баға 8, пайызға өскен. Сарапшылардың сөзінше, биыл Испанияда инфляция шілде айына қарағанда төмендесе де, халықты қымбатшылық қысып барады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, елде электр энергиясының бағасы мен азық-түлік құны күн санап аспандап барады. 

Мұндай бағаның күрт өсуі Испанияда 1994 жылдан бері болмаған екен.  Шеруге шыққан жұрт қазір ақшалары тамақ пен жолдан артылмайтындарын айтады. Енді Қаржы министрлігі келесі жылға бюджет мөлшерін арттырып,  әлеуметтік шығындарға бөлінетін қаражатты өсіруді көздеп отыр. 

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов