USD
USD
USD

Испанияда коронавирусқа байланысты екі қала жабылды

 Испанияның Бургос және Аранда-де-Дуэро қалалары коронавирус жұқтыру деректерінің артуына байланысты жабылады. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады.

Испанияда коронавирусқа байланысты екі қала жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 175 мың адам тұратын Бургоста жаңа тәртіп 21 қазаннан бастап күшіне еніп, 14 күнге созылады. Осы уақыт аралығында себепсіз қаладан шығуға немесе оған кіруге тыйым салынады. Дүкендерге, мейрамханалар мен барларға және басқа да қоғамдық орындарға барудың жаңа ережесі енгізіледі. Бургос мэрінің айтуынша, соңғы күндері өңірде вирустың таралу қарқыны күшейе түскен. 14 күнде инфекцияға шалдығу деңгейі 100 мың адамға шаққанда 500-ден асып кеткен. 32 мың тұрғыны бар Аранда-де-Дуэрода да осындай жағдай. Аталған өңірде екінші рет оқшаулану режимі енгізіліп отыр.

Қазір оқып жатыр

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы