USD
USD
USD

Испанияда қайтыс болған кәсіпкер кім?

Испаниялық БАҚ өкілдері қазақстандық кәсіпкер әрі Словакияның экс-құрметті консулы Марат Сабалақовтың қайтыс болғаны туралы жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 Испанияда қайтыс болған кәсіпкер кім?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірнеше басылымының мәліметінше, Марат Сабалақовтың денесі Испаниядағы вилланың бағынан табылған.  Сондай-ақ, ер адамның мәйіті Аликанте қаласындағы заң медицина институтына тапсырылғаны айтылады. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады. Марат Сабалақов (сол жақта). Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Сыртқы істер министрлігінен осы жағдайға қатысты пікір білдіруін сұрады. Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, «испан полициясы Қазақстан азаматының қайтыс болғанын хабарлаған».  «Оқиғаның мән-жайын білу мақсатында консул оқиға орнына аттанды», – деді ол. 

БАҚ мәліметінше, Марат Сабалақов – инвестициялық топтың иесі. Forbes тұжырымы бойынша 2015 жылы Қазақстан рантье рейтингіне кірген. 2015 жылы қарашада Словакияның құрметті консулы мәртебесіне ие болды. Оның функциясына Словакия мен Қазақстан арасындағы экономика, сауда, мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы қарым-қатынастардың жақсарту кірген. 

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу

Жастар саясаттан алыстады ма, әлде саясат жастардан алыстады ма?

.