USD
USD
USD

Испанияда әуежайдың 14 қызметкері елдің багажын ұрлағаны үшін ұсталды

Барлық ұрланған заттардың құны шамамен 2 миллион еуроға жетеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Испанияда әуежайдың 14 қызметкері елдің багажын ұрлағаны үшін ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Испанияның азаматтық гвардиясы Тенерифе аралында жолаушылардың чемодандарынан құнды заттарды ұрлады деген айыппен әуежайдың 14 қызметкерін ұстады.

Испанияның Ішкі істер министрлігі тағы 20 адам тергеліп жатқанын мәлімдеді. Азаматтық гвардия ұсталғандарды қылмыстық топқа қатысы бар, қарақшылық шабуыл жасады, шығын келтірді және ақшаны жылыстатты деп айыптап отыр.

Тінту кезінде 29 қымбат сағат, 120 зергерлік бұйымдар, 22 ұялы телефон, электронды құрылғылар және 13 мың ақшалай еуро табылды. Барлық ұрланған заттардың құны шамамен 2 миллион еуроға жетеді. Ұсталғандар көптеген заттарды сатып үлгерген. Қазір аралдағы 27 зергерлік дүкенде тергеу жүріп жатыр.

Жолаушылардан багажды ұрлау фактілері туралы арыздар мен шағымдардың көбеюіне байланысты тексеріс жүргізілген.

Испания Ішкі істер министрлігі атап өткендей, ұсталғандар әуежай жұмысшылары мәртебесін пайдаланып, ұшақ салонындағы багажды ашып, өздеріне қызықты заттарды алып кеткен. Жұмысшылар содан кейін чемоданның ауызын жауып, із қалдырмауға тырысқан.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар