USD
USD
USD

Испания екпе салуды бастайды

Испания коронавирусқа қарсы екпені салуды қашан бастайды?

Испания екпе салуды бастайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Испанияда коронавируске қарсы вакцина салу 27 желтоқсанда басталады. Билік американдық «Пфайзер» және немістің «Байонтек» компаниялары жасаған вакцинасын сатып алуға келіскен. 27 желтоқсанда Испаниядан бөлек Еуроодақтың өзге елдерінде де екпе егу жұмыстары басталады. Жергілікті билік вакцина салу науқанымен қоса шектеу шараларының да күшейтілетінін жария етті. Сөйтіп, Рождество мен жаңажылдық мерекелер кезінде Валенсия тұрғындарына өзге өңірлерге қатынауға тыйым салынады. Ел астанасы Мадридте мереке күндері жаңа шектеулер енгізіледі.

Мадрид денсаулық сақтау департаментінің басшысы Энрике Руиз: "24, 25 және 31 желтоқсан күндері Мадрид тұрғындарына 6 адамнан артық жиналуға болмайды. Бұл қиын екенін түсінеміз. Алайда мереке күндері сыртта жүргенше отбасымен үйде отырған дұрыс", - деді. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy