USD
USD
USD

Испания АҚШ берген вакцинаны сынақтан өткізеді

 Мадридтегі Ла Пас университетінің ауруханасы америкалық «Джонсон энд Джонсон» компаниясының коронавируске қарсы вакцинасын сынауға дайындалып жатыр.

Испания АҚШ берген вакцинаны сынақтан өткізеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шара келесі аптада басталады. Оған 18 бен 65 жас аралығындағы 550 адам қатыспақ. Сарапшылар тәжірибе жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретінін айтып отыр. Бірақ вакцина толық дайындалып біткенше көп уақыт кететінін ескертеді. Айта кетейік, қазір әлемнің түрлі зертханасында «ковид-19»-ға қарсы 140-қа жуық вакцина дайындалып жатыр. Олардың 30-ы клиникалық сынаққа көшкен. Яғни адамдарға сынала бастады.

Еуропалық комиссия Бас директорының орынбасары Сандра Галина: "Вакцинаның бағасына келетін болсақ, оның құны 5-15 еуро көлемінде болу керек деп ойлаймын. Егер екпе бұдан қымбат болса қарапайым халыққа қолжетімді болмай қалады", - деді.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға