USD
USD
USD

Испания 16 жылдан кейін қайтадан әлем чемпионы атанды

Испания құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Нью-Джерси штатында өткен финалда испандар қазіргі әлем чемпионы Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңді.

.
Фото: Испания Ұлттық футбол құрамасы/Instagram

Астана, NEGE. Матчтың негізгі уақыты голсыз аяқталды. Испания ойын бойы басымдық танытып, қарсылас қақпасына 20 соққы бағыттады. Ал Аргентина небәрі үш рет соққы жасады. Алайда аргентиналық қақпашы Эмилиано Мартинес бірнеше қауіпті допты қайтарып, командасын ұзақ уақыт бойы жеңілістен құтқарып тұрды.

Қосымша уақыттың екінші бөлігінде Энцо Фернандес екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Соның салдарынан Аргентина матчтың қалған бөлігін он ойыншымен өткізуге мәжбүр болды. Кездесудегі жалғыз гол 106-минутта соғылды. Алаңға қосалқы құрамнан шыққан Ферран Торрес допты қақпа маңдайшасының астына дәл бағыттап, Испанияға жеңіс әкелді.

Испания бұған дейін 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өткен әлем чемпионатында топ жарған еді. Осылайша, құрама 16 жылдан кейін әлем чемпионатының кубогін қайта иеленді.

2026 жылғы әлем чемпионаты алғаш рет 48 құраманың қатысуымен АҚШ, Канада және Мексикада өтті. Қола жүлдені Англия иеленді.

Қазір оқып жатыр

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен