USD
USD
USD

Исламиада: Көркем гимнастика шеберлері қола жүлдеге ие болды

Қазақстандық көркем гимнастика шеберлері Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлде алды.

Исламиада: Көркем гимнастика шеберлері қола жүлдеге ие болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жарыс барысында Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы командалық көпсайыста үздік үштіктен көрінді.

Дәл осындай жетістікке көпсайыстан ел құрамасы топтық көрсеткіште қол жеткізді.

Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.

Биылғы додада 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталды. Ол 18 тамызда мәресіне жетеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Исламиадада қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин күміс медаль алды.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар