USD
USD
USD

Ислам Сәтпаев Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан спорттық атудан әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны бір лицензиямен толықты. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

Ислам Сәтпаев Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ислам Сатпаев пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден финалға шығып, жүлдеге бір табан жетпей тоқтады. Ол 206,5 ұпай жинап, 4-сатыға тұрақтады. Бұл сында швециялық Виктор Линдгрен (251,3 балл) чемпион атанса, қытайлық Хаоран Ян (250 балл) күміс жүлде алды.

Үздік үштікті чехиялық Франтишек Сметана 227,5 ұпаймен түйіндеді. Айта кетейік, бұл нысана көздеуден ұлттық құраманың алғашқы лицензиясы. Нысана көздеуден жолдамажекелеген мергенге емес, ұлттық федерацияға беріледі.

Алайда әр мемлекеттің федерациясы күтпеген жағдай болмаса, олимпия ойындарына жолдамаға қол жеткізген спортшыны апарады. 24 жастағы Ислам Сәтпаев биыл Джакатада өткен әлем кубогында пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден 3 медаль жеңіп алған.

Ол тура бір жыл бұрын осы Бакудағы Әлем Кубогында қола жүлдегер атанған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс