USD
USD
USD

Ислам Евлоев грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде қазақстандық Ислам Евлоев чемпион атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ислам Евлоев
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Грек-рим күресінен 82 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Евлоев финалда әлемдік рейтингте 7-орында тұрған түркиялық балуан Альперен Белберді ұтты.

Финалдық белдесудегі есеп - 9:3, Евлоевтің жеңісі.

Турнир барысында Ислам Евлоев Чехия, Германия, Қытай балуандарынан басым түсті. Ал оның жартылай финалдағы қарсыласы белдесуге шыққан жоқ.

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Испаниядағы әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медальмен аяқтап отыр.

Ислам Евлоевтың алтынынан бөлек, Юсуф Ашрапов (67 келі) күміс медаль еншілесе, Айбек Айтбеков (55 келі), Оңдасын Хамитов (60 келі) және Темірлан Тұрдақын (87 келі) қола медаль жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам

Тоқаев Азия ойындарында алтынынан айырылған спортшыны да марапаттады

Ясмина Тоқсанбаева

Вице-президент, Құрылтай төрағасы: Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар тізімі жаңартылды

Пантеоан аумағы