USD
USD
USD

Ислам даму банкі Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға шамамен $2 млрд бөледі

OPEC халықаралық даму қоры ұйымдастырған форумда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Араб координациялық тобына кіретін ислам даму институттарымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам даму банкі арасындағы негіздемелік бағдарламалық келісімге қол қойды.

Келісім биыл су шаруашылығы және көлік салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді инвестициялар тарту туралы бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді бекітті. Осы мақсатта Ислам даму банкі $2 млрд дейін қаржы бөледі.

Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл қаржыландыруға дайын 16 жобаны дайындады. Олардың ішінде су қоймаларын, бөгеттерді, ирригациялық каналдарды, контрреттеушілерді және ілеспе инфрақұрылымды салу және реконструкциялау жобалары бар. Көлік министрлігі ұзындығы 500 шақырымнан астам республикалық маңызы бар автожолдарды реконструкциялау және салу бойынша 4 жобаны ұсынды.

Келісім табысты іске асыру және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлескен жобалардың орындалу барысына тұрақты консультациялар мен мониторинг жүргізуді көздейді.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт