Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ішкі туризмге карантиннің әсері қандай?

Коронавирус індетінің етек алуына байланысты қазақстандықтардың көбі елдегі туристік орындарды таңдауда.

Ішкі туризмге карантиннің әсері қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дегенмен Қазақстандағы карантиндік талаптар ішкі туризмнің ілгерілеуіне әжептәуір кедергі келтіруде.

«Ең алдымен, карантин талаптары тренинг, конференциялар, банкеттердің өтуіне, сондай-ақ қонақүйлердегі SPA мен бассейндерге әсер етті. Мұндай қызметтерге сұраныс жоғары болды. Бұл қызметтер курорттар мен қонақүйлердің, әсіресе, елорда және Алматы қаласынан түсетін кірістердің 30%-ын құрайды деп айтуға болады. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылы туристік компаниялар мен курорттық аймақтар ұсынатын қызметтер көлемі шамамен 300 млрд теңгені (шамамен 730 млн АҚШ долл) құрады. Осы мәліметтерге сүйене отырып, сонымен қатар қызметтердің басым бөлігі жазғы маусымда көрсетілетінін ескере отырып, толық іркіліс мерзімінде Қазақстанның туристік индустриясы күніне шамамен 1 млрд теңгені жоғалтады деп болжауға болады», – дейді БАҚ сауалына «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы.

Ұлттық компания берген ресми мәліметке сүйенсек, биыл ішкі туристік ағын өткен жылмен салыстырғанда 70-80%-ға азаюы мүмкін.

«Әлемдегі және елдегі пандемия салдарынан қазақстандықтардың биылғы жылға жоспарлаған демалыс маусымы айтулы өзгерістерге ұшырағаны белгілі. Осы орайда отандастарымыз ішкі туристік бағыттарды таңдауда, алайда елдегі карантинге байланысты туристік сұраныс толығымен жүзеге асырылмай отыр. Сол себепті ішкі туризм көрсеткішінің өсуі екіталай. Болжам бойынша, биыл ішкі туристік ағын өткен жылмен салыстырғанда 70-80%-ға азаяды. Ал жалпы алғанда кейінгі жылдары ішкі туризм көрсеткіші қарқынды дамып келгенін ескерген жөн. Мысалы, 2019 жылы 6,6 млн ішкі турист болды, ол дегеніміз 2018 жылмен салыстырғанда 13%-ға артық», – деді компаниядан.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант