USD
USD
USD

Ішкі істер министрлігі ұялы телефон ұрлығы жиі тіркелетін өңірлерді атады

Жыл сайын ұрлық қылмыстарынан азаматтарға 10 млрд теңгеден аса шығын келеді. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған 

Ішкі істер министрлігі ұялы телефон ұрлығы жиі тіркелетін өңірлерді атады
Фото: NEGE.kz

тұжырымдамасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Ішкі істер органдарында тіркелген қылмыстардың шамамен 80% меншікке қарсы жасалады – ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық жымқыру. Олардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде 2018-2022 жылдар ішінде ұрлық үлесі 62,6%-дан 40,1%-ға дейін төмендеді. Мүлкінен айырылған адамдардың бәрі бірдей түрлі себептермен полицияға арызданбайды», - деп көрсетілген министрліктің 4 жылдық жоспарға енгізген мәліметтерінде.

Жыл сайын ұрлық саларынан азаматтарға 10 млрд теңгеден аса шығын келеді. Ал, кейінгі 5 жыл ішінде қылмыс уақытылы ашылып, зардап шеккендерге 57 млрд шығынның 32 млрд теңгесі өтелген. Тиісінше қалған 25 млрд теңге қайтарылмаған.

«Талдау көрсеткендей, ұрлықтың 62%-ы күндізгі уақытта жасалады. Олар қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 70%-ын құрайды. Олардың ішінде 85% барлық қалта, жартысынан көбі ұялы телефон және 65%-ы көлік құралдарын ұрлау. Ұялы телефон ұрлығының жоғары үлес салмағы Алматы, Астана, Шымкент қалаларына, Ақтөбе, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарына тиесілі», - деп талдау жасалған тұжырымдамада.

Құқық қорғау органдарының ақпаратына қарағанда, азаматтар ұрлық фактілері туралы арызды кеш түсіреді. Бұл аралықта қылмыскер мүлікті өткізіп үлгереді.

Қазір оқып жатыр

Салмақты тәсіл: тарифтік саясат қалай дамиды?

коммуналдық тарифтер

АҚШ-та білім алатын қазақстандықтар саны сиреген

Білім

Қазақстан терроризм индексінде ең қауіпсіз елдер қатарына кірді

террор

Өскемен ауасын ластағаны үшін «Казцинкке» 20 млн теңге айыппұл салынды

Өскемен