USD
USD
USD

Ішкі істер министрлігі тұрғындарға SMS-хабарламалар жібереді

ІІМ 21 қазаннан бастап тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азаматтарға SMS-хабарламаларды жіберуді бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігі тұрғындарға SMS-хабарламалар жібереді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Eгер сізге осындай SMS-хабарлама келіп түскен болса, онда ІІМ дерекқорында сіздің тіркелуіңіз туралы мәліметтер жоқ. Сондықтан сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелу қажет.

Мұндай хабарламаларды жіберудің мақсаты нақты тұратын жері бойынша тіркеусіз тұруға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан осал азаматтарға қосымша қаржылық жүктемені азайту (әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмау үшін).

Бүгінгі күні тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін 10 күннен 1 айға дейін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік, 1 айдан астам уақытқа 7 айлық есептік көрсеткіш немесе 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған (“Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 492-бабы).

Қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі “Электрондық үкімет” порталында, сондай-ақ “Halyk Bank” АҚ-нің – “Halyk Homebank” мобильді қосымшасында қолжетімді.

Сіз өзіңіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңізді порталдағы “жеке кабинетте” (eGov.kz) немесе “eGov mobile” мобильді қосымшасында тексере аласыз.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік

14 қыркүйектен бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректері тексерілмек

Отбасы банк

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев