USD
USD
USD

Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Қазан айынан бастап еліміздің кейбір аймақтарында ауа райы күрт өзгереді. Ал адамдар өзгерген климаттық факторларға бірден үйренісе алмайды. Ал қырау түскен жолдың өзі өте қауіпті.

Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілеріне  үндеу жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қыс мезгілінің басталуымен жолдағы көлік жүрісі де ерекше назар аударуды қажет етеді. Жылдамдықты асырмаңыз! Қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз!», - дейді полицейлер.

Негізгі сақтық шаралары:

– жылдамдық шамамен сағатына 10-15 шақырым;

– көлік арасындағы қашықтық 3-4 автокөлік;

– көлік жүргізу кезінде телефонға қарамау;

– барлық қысқы дөңгелектерді ауыстыру;

– ауа райының өзгеруін мұқият қадағалау;

– ауа райы нашарласа, елді мекендерден тыс жерлерге шықпау.

«Қиылыстарда бағдаршамның жасыл түсіне жылдам қозғалу – қысқы уақытта жүргізушілер жіберетін негізгі қателіктердің бірі. Жол жүру ережелерін, жылдамдық режимін және қашықтықты сақтаңыз, кенеттен маневр жасау мен басып озудан аулақ болған жөн, жол бойындағы жаяу жүргіншілерге өте мұқият қарау керек, айналадағы жол жағдайын үнемі бақылауда ұстау қажет», - дейді министрлік мамандары.

Ал жаяу жүргіншілер қыста көлік тез тоқтай алмайтынын есте ұстағандары абзал, сондықтан көшені кесіп өткенде жол бергеніне көз жеткізіп, содан кейін ғана жолдан өту керек.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала