USD
USD
USD

Ішкі істер министрі: Заңды сыйлайтын аңшыларға кедергі жоқ

«Время» газеті оқырмандарының сұрақтарына жауап берген Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев браконьерлік пен заңды аңшылыққа қатысты сұраққа жауап берді.

Ішкі істер министрі: Заңды сыйлайтын аңшыларға кедергі жоқ
Фото: NEGE.kz

«Браконьерлермен күрес күшейтіліп еді, қорықшыларға шабуыл көбейіп кетті. Браконьерлермен күрескен дұрыс қой, бірақ заңды сыйлайтын аңшылар «қосақ арасында» кетіп қалмай ма? Тіркелген қарулардың санын шектейсіздер ме? Жаңадан қару сатып алу жағы қалай болады?» деген оқырманның сұрағына Е.Тұрғымбаев былай деп жауап берген: «Сіз өте маңызды мәселе көтеріп отырсыз. Аңшылық жасау тәртібі мен браконьерліктің жауапкершілігі заңмен бекітілген. Біз мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қолданыстағы заңға өзгеріс енгізуді қарастырып, парламенттің қарауына жібердік. Қорықшының өміріне қауіп төндірген браконьер енді 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Басқаша айтқанда, бұдан былай қорықшының өміріне қауіп төндіру күштік құрылым қызметкерлерінің өміріне қауіп төндірумен теңестіріледі. Ал енді заңды сатып алынған қаруларға байланысты өзгерістер қарастырылмаған».

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.