USD
USD
USD

Ішкі істер министрі мәлімдеме жасады

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жаңа жылдық мерекеге қатысты мәлімдеме жасады. Бұл турал

Ішкі істер министрі мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

ы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Алматы, NEGE. Жаңа жылдық мереке қарсаңында полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Осыған байланысты өткізілген жедел кеңесте ішкі істер министрі қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету бойынша қызметкерлерге бірқатар міндет жүктеді.

"Бүгіннен бастап ерекше бұйрыққа дейін біз қызмет көрсетудің күшейтілген нұсқасына көшеміз. Құқықтық тәртіп мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, жаяу нарядтардың санын көбейтуді, шыршалардың сақталуына жауаптыларды анықтауды, құқық бұзушылықтардың жолын кесуді, мүлдем төзбеушілік пен жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етуді тапсырамын. Заңдылық пен тәртіптің сақталуына ерекше назар аудару қажет. Халық пен қоғамның талабы – кәсіби білікті және адал полиция. Біз осы талапқа сай болуымыз керек", – деді Ержан Сәденов.

Сонымен қатар, кеңесте жеке құрамға еліміздің барлық өңірлерінде гарнизондық сап түзеу өткізу тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар