Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ішіп алып, ойдан оқиға шығарған

Павлодар облысында ішімдік ішкен ер адам “102” телефонына жалған қоңырау шалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішіп алып, ойдан оқиға шығарған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицияға келіп түсетін барлық қоңыраулар тіркеледі және тексеріледі. Осы жылдың кезеңінде “102” арнасына полиция қызметкерлері 57 500-ге жуық қоңырау қабылдады. Олардың 17-сі жалған болып шықты. Мысалы, “Теле-2” операторына көмек көрсету туралы өтініш келіп түсті. Қоңырау шалған ер адам өзін таныстырмады және оны жертөледе белгісіз адамдардың ұстап отырғанын, оның қолдары байлаулы екенін және басқа адамға қоңырау шалудың мүмкіндігі жоқ екенін түсіндірді. Оператор жедел түрде полицияға шақыру берді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қоңырау шалған адам анықталды. Өз қылығын ол жалғыздықта ішімдік ішіп отырып, мобильді операторына қоңырау шалып, ойдан шығарған оқиғаны айтуды шештім деп түсіндірді. Енді жауапкершілікке тартылатын болады.

Қазір оқып жатыр

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова

Жамбыл облысының тұрғындары «Әділет» партиясының ауылды дамыту бастамаларын қолдады

.

Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

көлік қозғалысы шектеледі

ERG-дегі мемлекеттің үлесін енді «Самұрық-Қазына» басқарады

ERG